Скопье қаласында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары кездесті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Қос құрама арасындағы алғашқы тайм тең дәрежеде өтіп, гол соғылмады. Ал екінші таймда Дінмұхамед Қараман есепті ашып, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты. Алайда арада 20 минут өткенде Солтүстік Македония таразы басын теңестірді.
Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 7 ұпай бар. Келесі ойын 15 қараша күні Астанада өтеді. Қарсылас – Бельгия құрамасы.
Әлем чемпионаты-2026. Іріктеу кезеңі, J тобы
Солтүстік Македония – Қазақстан – 1:1 (0:0)
Голдар: Энис Барди 74 – Дінмұхамед Қараман 54
Ескерту: Исник Алими 45+1 – Бактиер Зайнутдинов 64, Бағдат Қайыров 65, Исламбек Қуат 81, Дәурен Жұмат 90+4
Солтүстік Македония: Столе Димитриевски (Қ) – Эгзиян Алиоски, Джоко Зайков, Дарко Велкоски (Тихомир Костадинов 46), Андрей Стойчевски (Никола Серафимов 75) – Исник Алими (Александар Трайковски 75), Боян Илиевски, Боян Миовски (Дарко Чурлинов 46), Энис Барди (К), Элиф Элмас – Милан Ристовски (Эльмин Растодер 62);
Қосалқы құрам: Деян Илиев (Қ), Дамьян Шишковски (Қ) – Стефан Деспотовски – Стефан Ашковски, Давид Бабунски, Яни Атанасов, Лука Станковски;
Бас бапкер: Благоя Милевски.
Қазақстан: Мұхаммеджан Сейсен (Қ) – Ян Вороговский (Наурызбек Жагоров 85), Әлібек Қасым, Нұралы Әліп (К), Бағдат Қайыров – Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (Муроджон Халматов 70), Бактиер Зайнутдинов (Дамир Қасабулат 85) – Ғалымжан Кенжебек (Дәурен Жұмат 61), Ислам Чесноков, Иван Свиридов (Артур Шушеначев 61);
Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Бекхан Шайзада (Қ) – Сұлтанбек Астанов, Әділбек Жұмаханов, Сергей Малый – Георгий Жуков, Алмас Төлібай;
Бас бапкер: Талғат Байсуфинов.
Төрешілер: Хуан Мартинес, Диего Барберо, Ассистенты рефери, Иван Массо (бәрі – Испания)
VAR төрешісі: Хавьер Иглесиас Вильянуэва (Испания)
AVAR төрешісі: Гильермо Куадра (Испания)
13.10.2025. 23:45. «Тоше Проески», Скопье.
TELEGRAM