Семейде әскерилерге арналған республикалық ғылыми конфренция өтті

Семейде әскерилерге арналған республикалық ғылыми конфренция өтті

Бұл іс-шара Абай облысының білім беру ұйымдарындағы алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары мен әдіскерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.

Конференцияға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті және оған қарасты “ Семей ” шекара басқармасының әскери қызметшілері қатысты.

Жиынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Анвар Рахматуллаев қатысып, патриоттық іс-шаралардың маңыздылығы туралы баяндама жасады. Ол жас сарбаздарды дайындау, шекара қызметінің атқарып жатқан жұмыстары және жастарды әскери қызметке тарту мәселелеріне ерекше тоқталды.

"Мұндай шаралар жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруда, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады" — деді Анвар Рахматуллаев.

Сонымен қатар, конференцияға “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Дархан Әжібаев, Абай облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау басқармасының бастығы майор Димаш Асқаров , “5511” әскери бөлімнің офицерлері мен Жас ұлан мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Іс-шара аясында Қорғаныс министрлігінің оркестрі мен ансамблі өнер көрсетіп, қатысушыларға ерекше патриоттық рух сыйлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері жас ұрпақтың әскери дайындық деңгейін көтеруге бағытталған іс-шараларды әрі қарай да ұйымдастырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ететіндерін атап өтті.

Сурет: ҰҚК ШҚ Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Related