Жарыс "Ролан Гаррос" алаңдарында 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді.
Халықаралық Олимпиада комитетінің мәліметінше, елең еткізер жаңалықты Қазақстан құрамасы аралас сында ұсынып отыр. Ел намысын республикамыздың үздік теннисшілері – Елена Рыбакина мен Александр Бублик қорғайтын болды.
Араласты есепке алмағанда, Рыбакина өз шеберлігін жекелей сында көрсетеді. Ал Бублик жұптық сында да, жекелей сында да бақ сынайтын болады. Елена мен Александрдан бөлек Париж корттарынан Юлия Путинцеваны (жекелей сында), Александр Шевченконы (жекелей сын) және Александр Недовесовты (жұптық сында) көре аламыз.
Олимпиадалық теннис турнирінің жеребесі 25 шілдеде тартылады және бұл ресми шара Қазақстан уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады. Жарыс "Ролан Гаррос" алаңдарында 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді.
Сурет: Instagram/lenarybakina