Қазақстанның Ресейде көлік-логистикалық орталығы болады. LS-ке KTZ Express-те егжей-тегжейі айтылды.
LS-тің сұрауына жауап ретінде берген ведомство ақпаратына сәйкес, Xian Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd (Қытай) және "Славтранс-Сервис" ( Ресей ) Ресей Федерациясының аумағында CRK Terminal бірлескен кәсіпорны (БК) құрылды. Қазақстандық компанияның БК жарғылық капиталындағы үлесі 33,3%-ды құрайды.
Осының арқасында Селятино станциясында (РФ) жаңа көлік-логистикалық орталық (КЛО) салу жоспарлануда. Қаржыландыру жалпы кәсіпорынның жарғылық капиталын қатысу үлестеріне сәйкес тепе-тең шарттармен толықтыру арқылы өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Станцияда сыйымдылығы 150 мың паллетоместр* мультитоварлық қоймасы, 65 мың шаршы метрге мультитемпертуралық қойма, қосымша 3 мың жиырма футтық эквивалент (ЖФЭ) контейнерлік алаңдар салынады. Сондай-ақ, 10 мыңға дейін жеңіл автокөліктерді сақтауға арналған алаңдар бой көтермек. Жобаны 26 га алаңда 2025 жылдың соңына дейін іске асыру көзделген.
Бұл Орталық Қытай – Қазақстан – Ресей бағытындағы қоймадан қоймаға дейін жабық логистикалық цикл қалыптастырады деп күтілуде. КЛО екі шеткі елдің жүк базаларын шоғырландыруға және мультимодальды сервисті қоса алғанда, Қазақстан (Алтынкөл/Достық станциясы) арқылы транзитті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде жеткізу мерзімі қысқарады.
"Жобаны іске асыру Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтуға, мемлекетаралық экономикалық байланыстарды кеңейтуге және үш елдің сауда айналымының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасады", — деп болжады KTZ Express.
Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путиннің сапары барысында Селятинодағы КЛО құрылысына назар аударып, оны көлік саласындағы ынтымақтастықтың сәтті көрінісі деп атады.
"Жүктерді жинау транзиттік дәліздің қарама-қарсы жағында Қытайдың Сиань қаласында жаңадан салынған қазақстандық терминалда жүзеге асырылады. Осылайша, Қытай – Қазақстан – Ресей бағыты бойынша жүктер транзитінің бірыңғай жүйесінің негізгі тірек пункттері құрылуда", — деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан екі елмен бірлесіп Бакуде (Әзірбайжан) жүк терминалын салып жатқанын хабарлаған болатын.