Үржар ауданында спорт залдары ашылды

Үржар ауданында спорт залдары ашылды

Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында спорт залдары ашылды.

Залдар «Батыр боламын» қоғамдық қорының бастамасымен ашылды. Жобаның жүзеге асуына «Қазақстан халқына» қоры мен ауыл балаларының спортпен шұғылдануына жағдай жасауға бей-жай қарамаған бірқатар азаматтар да өз үлестерін қосты.

Бұл жаңа спорт залдары Қазақстан аймақтарындағы спорт инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған үлкен жобаның бір бөлігі.

Ауданның Ақжар және Сегізбай ауылдарында да залдар ашылды. Биыл қоғамдық қордың қолдауымен Қазақстанда дәл осындай осындай 76 зал, оның ішінде Абай облысының 17 елді мекенінде күрес және бокс залдары ашылады деп жоспарлануда.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Related